Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов өзің соңғы қарсыласы америкалық Дастин Порьенің қайырымдылық қорына 100 мың АҚШ долларын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазіргі уақытта Порье қоры Угандада ауыз су ұңғымасын салуға қамданып жатыр.

Еске сала кетейік, 7 қыркүйекте Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабиде өткен UFC 242 турнирінің басты жекпе-жегінде Дастин Порье үшінші раундта жеңіп, титулын қорғап қалды.

Хабиб - жеңіл салмақтың патшасы

Нурмагомедов — Порье жекпе-жегі жайлы