Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz, Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Тізімде Меркель мен Муртазаев жоқ. Жарақатына байланысты Зайнутдинов те ұлттық құрамаға көмектесе алмайды. Олардың орнына шақырылған футболшылар ойынға дайын ба? Команданың жағдайына баға бересіз бе?

- Біздің тізімге Қазақстан чемпионатында ойнайтын ең үздік футболшылар енді. Сіздің айтқан ойышылардың қатарына Юрий Логвиненко қосылды. Ол жарақат алып, ұлттық құрамаға қол ұшын бере алмайды. Талғарда жоспар бойынша жаттығу жасадық. Біздің команда ойынға дайын деп ойлаймын.

- Кипр құрамасы қолайсыз қарсылас. Қорғаныста жақсы ойнайды. Алаңға шығатын шабуылшылар белгілі ме?

- Алдағы ойынға үш футболшы шақырту алды - Щеткин, Айымбетов және Федин. Олардың барлығы нағыз бабында. Абат - қазақстандық шабуылшылар арасында ең үздік сұрмерген. Осы уақытқа дейін жарақатына байланысты көмектесе алмаған Алексей Щеткин ойынға дайын. Максим Федин - пайдалы ойыншы. Қазақстанда өз позициясының үздігі. Алаңға шығатын футболшыларды анықтап қойдым. Мәліметті алдын-ала жарияламай-ақ қояйын.