21 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Норвегия мен Кипр футболшылары кездеседі. Бұл ойында қазақстандық төрешілер қызмет атқарады.

Бас қазылық міндетті шымкенттік Фуркат Атажанов атқарады. Оған қос қапталдан Денис Лабашов (Атырау) пен Дархан Төлегенов (Шымкент) көмектеседі. Төртінші төреші - тараздық Сәкен Байымбет.

Матч бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.