2021 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан жастар құрамасы Испания U-21 командасымен кездеседі.

Жастарымыз алғашқы екі ойында бірде-бір ұпай жоғалтпады. Қонақта Фарер аралдары мен Черногория жастарын ұтқан еді.

Кездесу елорда уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Тікелей эфирді Qazsport арнасында мына сілтеме арқылы көруге болады.