«Галатасарай» ресми сайтында «Монаконың» колумбиялық ойыншысы Радамель Фалькаоны қатарға қосқанын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

33 жастағы форвард түркиялық клубпен 3 маусымға келісімшартқа отырды. Ойыншы 5 миллион еуро жалақы алады.

2013 жылы «Монако» қатарына қосылған Фалькао ағымдағы маусымда 33 кездесуге қатысып, 15 гол соқты.