«Реалдың» қақпашысы Кейлор Навас «Реал» сапынан ПСЖ-ға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Навас «Пари Сен-Жермен» клубымен төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін 32 жастағы футболшы корольдік клубтың басшылығынан өзін еркін агент ретінде жіберуді сұраған.

ПСЖ қақпашы Альфонс Ареола болса, Испанияға аттанды. Голкипер 2019/2020 маусымын «Реал» сапында өткізеді.

Зидан Навастан «Реал» сапынан кетуді өтінді