2 қыркүйекте Ресей құрамасының ойыншылары команданың бас бапкері Станислав Черчесовты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей құрамасының Twitter-дегі ресми парақшасында жазылуынша, Еуро-2020 іріктеу ойындарына дайындалып жатқан Новогорскідегі базада ойыншылар бапкерді құттықтаған.

Черчесов Ресей құрамасын 2016 жылдан бастап баптап келеді. Оның басшылығымен Ресей құрамасы өз елінде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Айта кетейік, Ресей құрамасы Еуро-2020 іріктеу ойындары аясында Шотландия және Қазақстан құрамасымен кездеседі.