Туриндік«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жұбайына өсиетнама қалдырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы AS басылымы жазды. 34 жасар футболшы Лиссабонда адвокаттарымен кездесіп, құжаттар жайын талқылаған. Португалиялықтың жиған-тергені оның басты ізбасары Джорджина Родригесте қалатын болды, деп көрсетілген. Роналду қайтыс болған жағдайда, Джорджина оның бүкіл капиталын иемденеді. Криштианудың байлығы 300 миллион еуроға бағаланады.

Футболшы Родригеспен 2018 жылдың қарашасында некелескен. Жұбайы оған Алана Мартина есімді қыз тауып берген. Роналдудың одан бөлек суррогат аналардан туған үш баласы бар.

Роналдудың табысы өткен маусымда 113 миллион еуроны құрады.