Үндістанның Джайпур қаласында гандболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды.

Құрлықтық турнирдің қола медаліне Қазақстан мен Жапония таласқан болатын. Алайда, қазақстандықтар 21:41 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Азия чемпионатын Қазақстан командасы төртінші орынмен аяқтады.