Семсерлесуден Өскеменде өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында кезекті жеңімпаздар анықталды.

Шпагадан ерлер арасындағы бәсекеде ұлттық құрама мүшесі Вадим Шарлаимов жеңіске жетті. Ол финалда өзінің жерлесі, Шығыс Қазақстан облысының өкілі Кирилл Павловты жеңген.

Қола жүлдені Ақмола облысынан келген Александр Савин мен ақтөбелік Никита Жулинский иеленді.