Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні, яғни ертең Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы бақ сынайды, деп жазады Prosports.kz.

90 келі салмақ дәрежесі бойыша Ислам Бозбаев - словакиялық Милан Рандлмен күш сынасса, қыздар арасында 70 келіде Мөлдір Нарынова – Колумбия дзюдошысы Юрий Альвиермен белдеседі.

Еске сала кетелік, ел құрамасы қоржынында 1 қола жүлде бар. Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев қола үшін күресіп, нәтижесінде Сметов жеңіске жеткен болатын.

Айта кетсек, Qazsport телеарнасы Жапонияда өтіп жатқан әлем біріншілігінен тікелей трансляциялар жүргізіп жатыр.