Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем біріншілігінің төртінші жарыс күнінде бақ сынаған үш спортшымыз жарысты алғашқы айналымнан аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

63 келіде сынға түскен қазақстандық дзюдошы Иоланта Бердібекова бірінші кездесуінде мексикалық Присти-Авити Алькарасқа есе жіберді.

Осыған дейін 81 келіге дейін салмақта бақ сынаған Руслан Мұсаев пен Дидар Хамза да қарсыластарына ұтылып қалған еді.

Алғашқы жарыс күні Елдос Сметовтың ел қоржынына салған қола медалі Қазақстан құрамасының жалғыз жетістігі болып тұр.