Орта және екінші орта салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін жаттығу залына оралды.

Боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жаттығып жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады.

Айта кетейік, "Канелоның" рингке оралуы қарашаға белгіленген. Дегенмен мексикалықтың қарсыласы мен жекпе-жек өтетін орны анықталған жоқ.