Жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Абай Төлеш келесі жекпе-жегін 13 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әуесқой бокста 2017 жылғы ел чемпионы атанған Абай Төлеш кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 24 сәуір күні Таиландта өткізді. Келесі жекпе-жегін 13 қыркүйек күні Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткізеді.

Айта кетейік, Абай Төлеш соңғы кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында ауғанстандық Алладад Рахимиге (2-1, 2 КО) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.