Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың кезекті жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татпаған боксшымен жұдырықтасады.

Кәсіпқой бокста әлі жеңілістің дәмін татпаған отандасымыз 24 тамыз күні Ресейдің Челябинск қаласында өтетін бокс кешінде жекпе-жек өткізеді. Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповпен (15-1, 10 КО) жұдырықтасады. Грузиялық боксшы мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Бір айта кетерлігі екі боксшының да менеджері Эгис Климас.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) британиялық боксшы Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) қолғап түйістіреді.

Қазір Мейірім Нұрсұлтанов алдағы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр. Қазақстандық боксшы үшін бұл Ресей жерінде өткелі жатқан алғашқы айқасы. Бұған дейін АҚШ-та және Қазақстанда шаршы алаңға шыққан.