23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Биыл жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва, сонымен қатар Қазақстанның екі құрамасы қатысады. Ойынның барлығы «Футбол үйі» ғимаратының алаңында өтеді.