Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына дайындалып жатыр

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Президент кубогына дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top
23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Биыл жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва, сонымен қатар Қазақстанның екі құрамасы қатысады. Ойынның барлығы «Футбол үйі» ғимаратының алаңында өтеді.

Танымал отандық бапкер Алмас Құлшынбаевтың жетекшілігімен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жас ерекшелігі бойынша жарысқа қатысады.

Жаттықтырушылар штабы Қазақстанда ойнап жүрген жасөспірімдермен қатар, Испания, Германия және Молдовадан шеберліктерін шыңдап жүрген футболшыларды шақырды.

Назарларыңызға Қазақстан футбол федерацияының баспасөз қызметі дайындаған видеожазбаны ұсынамыз:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер