Кюрасао құрамасы КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы аясында 2019 жылдың 7 және 10 қыркүйек күндері Гаити құрамасына қарсы екі кездесу өткізеді.

Кюрасао құрамасының бапкерлер құрамы аталмыш ойындарға «Астана» шабуылшысы Рангело Янганы шақыртты. Шабуылшы құрама сапында өткізген 14 ойында 10 гол соққан. Астаналық ойыншы осы маусымда чемпионатта 4 гол соқса, Еуропа Лигасында 1 гол соққан.