Волейболдан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екінші кездесуде Қазақстан Жапонияға қарсы ойнап, 0:3 есебімен жол берді. Қазақстандықтар үш партияда 25:19, 25:23,25:18 есебімен жеңіліс тапты.

Бірінші кездесуде қазақстандықтар Австралияны 3:0 есебімен ұтқан болатын. Топтағы соңғы ойында Қазақстан мен Үндістан құрамалары кездеседі.