Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

В тобында өнер көрсететін аруларымыз алғашқы ойында Аустралияны 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ал бүгін Жапония құрамасынан дәл осындай есеппен ұтылды. 3:0 (19:25, 23:25,18:25).

Қазақстан құрамасы келесі ойынын ертең Индия волейболшыларына қарсы өткізеді.