Бүгін Оңтүстік Кореяда волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігі аясындағы алғашқы кездесуін Аустралияға қарсы өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Аустралия, Жапония және Үндістанмен бірге В тобына түскен.

19 тамызда біздің волейболшылар Жапониямен ойнайды. Турнир 25 тамызға дейін жалғасады.