Орта және екінші орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) кезекті жекпе-жегіне лайықты қарсыласты тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

The Athletic басылымының инсайдері Лэнс Пагмайер жазғандай, «Канело» Ресейде 24 тамызда Энтони Ярдқа қарсы жекпе-жекте Сергей Ковалевтің жеңгенін қалайды екен. Егер Ковалев жеңіске жетсе, «Канело» – Ковалев кездесуі қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Сауль Альварес IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылып қалған болатын. Енді бұл белбеу үшін 5 қазан күні Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин таласқа түсуі мүмкін.