Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) QP TV-ге берген сұхбатында келесі кездесуі жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Дайындықты бастап кеттік. Келесі жекпе-жегін қазанның 26-сына жоспарланып отыр. Жауапкершілік үлкен. Америкадан бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес мырза келіп отыр. Ол кәсіпқой бокста көзімді ашты, ұстаздан жолым болды деп ойлаймын. (...) Алда үлкен жоспарлар бар», - деді Қанат Ислам.

Сондай-ақ ол Алматыны Орта Азия ғана емес, бүкіл әлемде боксшылар шоғырланған жерге айналдырғысы келетінін айтты.