Бүгін қазақстандық үш бірдей команда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтарын өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Елордада «Астана» Андорраның «Санта-Коломасын» қабылдайды. Бірінші матчта есеп ашылған жоқ.
Оңтүстік астанамызда сырт алаңда 2:0 есебімен жеңілген «Қайрат» «Хапоэльден» кеткен есесін қайтарып көреді.
Шымкентте «Ордабасы» мен чехиялық «Млада-Болеслав» күш сынасады. Алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелді.
Матчтарды QazSport арнасынан көрсетеді. «Кайрат» - «Хапоэль» матчы 17:25-де, «Астана» - «Санта-Колома» 19:50-де, «Ордабасы» - «Млада-Болеслав» 22:15-те басталады.
Комментарии