Бүгін Алматыда Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» - «Хапоэль» матчы өтеді.

Израильдің Sport5 басылымы алматылық жанкүйерлер түнде қонақ үйдің алдында шулап, от шашу атып «Хапоэльдің» ойыншыларына ұйқы бермеген.

Айта кетейік, «Қайрат» - «Хапоэль» матчы Алматының орталық стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:30-да басталады. Алғашқы матчта израильдік команда 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.