Беларусьтік «Шахтер» клубы ойыншысы Валерий Громыконың қыста елордалық «Астананың» сапын толықтыруы мүмкін деген ақпарат туралы пікір білдірді.

- «Шахтердің» ойыншысы Валерий Громыконың басқа командаға ауысуы мүмкін деген ақпараттың шығуына байланысты оның келісімшарты 2020 жылдың қаңтар айына дейін күші бар екенін мәлімдейміз. Біз басқа клубтардан, сондай-ақ футболшының өзінен бұл туралы ешқандай хабарлама алған жоқпыз. Валерий Данияға жаттығуда алған жарақатының кесірінен бара алмады, - делінген хабарламада

Football.by басылымының мәліметінше, 22 жастағы жартылай қорғаушы қыста Қазақстан чемпионының сапына ауысу үшін қазіргі командасымен келісімшартын ұзартудан бас тартқан.

Енді Валерий Громыко маусымның қалған бөлігін «Шахтер» клубының қосалқы құрамында өткізеді.

Айта кетейік, Валерий Громыко «Шахтерден» бұрын тек «Минск» командасында ойнаған. Ал биыл Беларусь ұлттық құрамсының сапында алғашқы матчын өткізді.