Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) 24 тамыз күні Ресейдің Челябинск қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Ковалев (33-3-1, 28 KO) пен британиялық Энтони Ярд (18-0, 17 КО) WBO чемпиондық белдігін сарапқа салады.

Ал орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов Грузия өкілі Энрико Гогохиямен (10-0) жұдырықтасады. Грузиялық боксшы мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Бір айта кетерлігі екі боксшының да менеджері Эгис Климас.

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий шаршы алаңға шығуы мүмкін.