Мексикалық боксшы Кристиан Кастильо (1-0, 1 КО) спарринг жекпе-жекте алған жарақатынан соң ауыр халде жансақтау бөліміне түскен.

ESPN Deportes мәліметінше, Кристиан кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне дайындалу үшін жаттығу кезінде алған ауыр соққыдан соң есінен талып, жедел ауруханаға жеткізілген.

Соққының салдарынан боксшының бауыры жұмыс істеуін тоқтатып, өкпесі қабынған. Қазір боксшы жансақтау бөлімінде жатыр.