Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін тамыз айының соңында өткізуі мүмкін.

Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз 24 тамыз күні өтетін Ковалев — Ярд жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Жан Кособуцкий қыркүйек айында Беларусь елінде жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Жан Кособуцкий мансабында 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. 6 қарсыласын уақытынан бұрын ұтқан. Соңғы жекпе-жегінде венесуэлалық Вильямс Хосе Окандо Лерманы (20-7, 16 КО) нокаутқа түсірген.