Қазақстандық футболшы Александр Меркель өз командасының жеңісіне үлес қосты, деп жазады Prosports.kz.

Голландиялық «Хераклес» қатарында доп тебетін Меркель, грекиялық «Астераспен» болған жолдастық матчта мергендік танытты. Алаңға алғашқы минуттардан шыққан 27 жастағы футболшы 90-шы минутта командасының екінші голын соқты.

Айта кетейік, өткен маусымда «Хераклес» сапында Александр Голландияның Эредивизонында 32 матчқа қатысқан болатын. Командасы біріншілікте жетінші орынға тұрақтады.