УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы "Санта-Колома" - "Астана" (0:0) арасындағы алғашқы ойын аяқталғаннан кейін андорралық команда бас бапкері Марк Родригес Ребульдің қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Ойын нәтижесіне толықтай көңіліміз толады. Себебі, "Астана" - үлкен ұжым, әрі кездесудің анық фавориті. Бізді алда Қазақстанға өте ауыр сапар күтіп тұр. Дегенмен, әзірге ойын нәтижесіне ризамыз.