Шымкенттік «Ордабасы» Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын өткізу үшін Чехия еліне аттанды, деп жазады Prosports.kz.

«Ордабасы» ертең Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде чехиялық «Млада Болеславқа» қарсы матч өткізеді. Тікелей эфир елорда уақыты бойынша 23:00-де басталады.

Шымкенттік клубтың бапкерлер алқасы Чехияға төмендегі ойыншыларды ертіп кетті:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов, Бекхан Шайзада;

Қорғаушылар: Талғат Адырбеков, Дамир Даутов, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, Пабло Фонтанелло, Сергей Малый, Мардан Төлебек, Ұлар Жақсыбаев;

Жартылай қорғаушылар: Май Махлангу, Жоао Пауло, Абдуллай Диакате, Кирилл Ковальчук, Самат Шәмші, Мирзад Механович, Валерий Коробкин, Зиги Бадибанга, Эльхан Астанов;

Шабуылшылар: Тоқтар Жанғылышбай, Алексей Щеткин.