23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні «Астана» футбол клубы Андорра чемпионы - «Санта-Колома» командасымен кездеседі.

Бұл ойын Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткелі отыр.

Екі команда да жарыс жолын чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастаған. «Астана» бірінші кезеңнен сүрінсе, «Санта-Колома» алдын-ала іріктеу кезеңінде жеңілске ұшырады. Енді қос команда бағын Еуропа лигасында сынап көрмек.

«Астана» футболшылары Андорраға қалай жетті

Prosports.kz сайты астаналық клубтың бүгінгі қарсыласы туралы аз-кем мағлұматты назарларыңызға ұсынады.

«Санта-Колома» Испания мен Франция арасында орналасқан Пиреней тауының етегінде орналасқан Андоррра еліндегі 3 мыңдай халқы бар Санта – Колома ауылының намысын қорғап жүрген клуб. Өз Отанында танымал аталмыш клуб ел біріншілігін 13 рет ұтып алған. Алайда, еурокубок ойындарында жоғары жетістігімен жанкүйерлерін қуанта алмай келеді.