26 қыркүйекте канадалық Монреаль қаласында қазақстандық жеңілісті білмейтін боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) 32 жастағы тәжіребиелі мексикалық боксшы Мигел Васкеспен (41-8, 15КО) кездеседі.

Еске сала кетейік, отандасымыздың қарсыласы 2010-2014 жылдары аралығында жеңіл салмақта IBF чемпионы болған.⠀Аталмыш бокс кешінде Садриддин Ахмедов (9-0, 8КО), Нұрзат Сабыров (10-0, 9КО) және Аман Қазанғапов төбелеседі. Жерлестеріміздің қарсыластары әлі белгісіз.

Батыр Жүкембаев менеджерімен қош айтысты