«Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры Дмитрий Васильев клубтың қазіргі таңдағы басшысы Самат Смақовтың үстінен арызданған болатын.

Бұрынғы басшы Дмитрий Васильев «Ақтөбе» футбол клубы мен оның қазіргі басшысы Самат Смақов пен арадағы келісімде қателер бар деп сотқа жүгінген еді, алайда сот Васильевтің айыптары негізсіз деп талабын қанағаттандырмады.

Айта кетейік, Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын өткен жылдың қаңтар айында 7 жылға сенімгерлік басқаруға алған болатын.