АҚШ-та өткен жүзуден CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар тағы үш медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден топ жарды. Ол аталған қашықтықты 23.76 секундта жүзіп өткен. Баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуде Мусин 52.42 секундты көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Ал финалдық бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізді.