Канаданың Монреаль қаласында каратеден «А» сериясы аясындағы Премьер-лига турнирі аяқталып, Қазақстан командасы жеті медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келідегі Дархан Асаділов пен 55 келідегі Сабина Захарова алтын медаль иеленсе, тағы бес спортшымыз қола жүлдеге қол жеткізді. Команда үздігі Дархан Асаділов финалда жас әрі талантты спортшы, жапониялық Саго Наотомен кездесті. Тартысты өткен кездесу тағдырын Дарханның маңызды соққысы шешіп, қазақстандық каратеші әлем үздігі екенін тағы бір дәлелдеді. Бұған дейін спортшылар екі рет жолығып, бір-бірден жеңіліс тапқан болатын.