Гандболдан қыздар арасындағы командалық Азия біріншілігінде Қызылорданың «Қайсар» командасы чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш додаға Қызылорданың «Қайсар», оңтүстік астананың «Алматы», Өзбекстанның АГМК, Оңтүстік Кореяның «4.25» секілді командалар қатысты.

«Қайсар» қыздары біріншіліктің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. «Қайсар» енді клубтар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ол тамыз айының аяғында Қытайда өткізіледі.