Шымкенттік «Ордабасының» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы грузиялық «Торпедо» ел кубогының 1/8 финалынжа «Гаграны» жеңді. Кутаисилік команда қарсыласын 3:2 есебімен жеңген. Осылайша, «Торпедо» Грузия кубогының ширек финалына жолдама алды. Ал Грузия чемпионатында «Ордабасының» қарсыласы 18 турдан соң 30 ұпаймен төртінші орында келеді. Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчы 11 шілдеде, қарымта ойын 18 шілдеде өтеді.