2022 жылғы әлем чемпионаты Катарда өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

TNT Sports басылымының жазуынша, әлем біріншілігін қабылдайтын елді таңдайтын кезде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген деген күдік расталса, FIFA әлем чемпионатын өткізу құқығын басқа елге беруі мүмкін.

Қазіргі уақытта FIFA басшылығы 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел табу үшін құпия кездесулер өткізіп жатқан көрінеді.

Осыған дейін УЕФА-ның бұрынғы президенті тұтқындалған болатын.