«Аякс» футбол клубы бас бапкері Эрик Тен Хагпен жаңа келісімшарт жасасты, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, жаңа келісімшарт 2022 жылға дейін жарамды.

Айта кетейік, Тен Хаг «Аякс» тізгінін 2018 жылы қаңтар айында ұстаған. Өткен маусымда Голландия чемпионатын, Голландия кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Еуропа чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.