M-1 Global ұйымының қазақстандық файтері Арман Әшімов (10-3-1) Зайсанда өткен халықаралық турнирінің басты жекпе-жегіне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әшімов моңғолиялық қарсыласын нокаутқа жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Әшімов ММА-дағы соңғы жекпе-жегін 30 наурыз күні Алматыдағы M-1 Challenge 101 турнирінде өткізді. Оның қарсыласы жеңілмеген бразилиялық файтер Кайк Аленкар (9-1) болды. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Әшімов жеңіске жетті.