UFC президенті Дана Уайттың пікірінше, ирландиялық файтер Конор Макгрегор енді октагонға оралмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Конормен болашақта не боларын, не істегісі келетінін көре жатармыз. Конор бай, өте бай. Бой жігіттерді октагонда төбелестіру қиын», - деді Уайт.

Естеріңізге салсақ, Макгрегор соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған болатын. Кейін Макгрегор ММА-ден кеткенін хабарлаған. Бірақ көп ұзамай қайта оралатыны жайлы жазды.