UFC президенті Дэна Уайттың айтуынша, ММА файтері Тони Фергюсон титулды жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Фергюсон бұған дейін UFC 238 турнирінде Дональд Серронені жеңген болатын. Қазір ұйымның титулы ресейлік Хабиб Нурмагомедовте.

«Хабиб Нурмагомедов қыркүйекте Әду-Дабиде Дастин Порьемен кездеседі. Кейін не боларын білмеймін. Тони Фергюсон Серронеге қарсы тамаша жекпе-жек өткізді. Енді Фергюсоннің келесі жекпе-жегі титул үшін болады деп ойлаймын», - деді Уайт.