Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалға жолдама алды.

Классикалық садақ ату жарысында Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев сәтті өнер көрсетті.

Чемпионаттың 1/16 кезеңінде біздің спортшылар Финляндия құрамасымен кездесіп, 5:4 жеңіске жетті. Келесі айналымда Қазақстан АҚШ мергендерімен кездеседі.

Айта кетейік, чемпионат Нидерландының Хертонгебос қаласында өтіп жатыр.