Қазақстандық Avangar ұжымы Dreamhack Open 2019 жарыстар сериясында бақ сынайды.

Демалыстан оралған Avangar командасы Швеция елінде 15-17 маусым күндері өтетін халықаралық жарысқа қатысады. Доданың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.

Жеңіске жеткен командалар жарысты жалғастыра береді. Ал екі топтың жеңімпазы плей-оффқа өтіп, чемпионды анықтайды.