«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах АПЛ-дің келесі маусымы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Чемпиондар лигасындағы жеңісіміз – жаңа нәрсенің бастауы. Келесі маусымда өзімізді АПЛ-де көрсетеміз.

Бұл біз чемпиондыққа таласқан алғашқы жыл болды. біз дамып келеміз және қазір «Манчестер Ситиді» күреске шақыра аламыз», - деді Салах.

Айта кетейік, осы маусымда Салах ойнайтын «Ливерпуль» Чемпиондар лигасын иемденген болатын. Ал ағылшын Премьер-лигасында «Ситиге» жол беріп, екінші орын алды.