Бразилия құрамасының ойыншылары қыз зорлады деген айып тағылған Неймарға қолдау көрсетті.

«Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтініне сенімдімін. Айып ақылға қонбайды және қасақана жасалғандай. Бәрі анықталған соң Неймар жұмысын жалғастыра береді», - деді «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Фернандиньо.

Оның сөзіне «Миланның» хавбегі Лукас Пакета мен «Гремио» форварды Эвертон да қосылды.

Футболшылардың айтуынша, ұлттық команданың барлық мүшесі осы сәтте Неймарға толық қолдау көрсетеді.

Қазір Неймар Бразилия құрамасы сапында Америка кубогына дайындалып жатыр. Турнир 14 маусым мен 7 шілде арасында өтеді.