Instagram әкімшілігі америкалық модель және блогер Кинси Воланскидің аккаунтын бұғаттап тастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Чемпиондар лигасының «Тоттенхэм Хотспур» и «Ливерпуль» арасындағы финалдық ойында бірінші таймның ортасында алаңға жалаңаш қыз жүгіріп шыққан болатын.
Осы оқиғадан кейін модельдің парақшасына жазылушылар саны бір күннің ішінде 2 миллион адамға жеткен. Алайда, инстаграм модельдің аккаунтын бұғаттап тастады.
2 маусым күні Волански Instagram-дағы парақшасында алаңға не себепті жүгіріп шыққанын жазған.
«Чемпиондар лигасында жартылай жалаңаш жүгіру! Өмір сүру керек! Ғұмыр бойы есте қалар бірдеңе жасау керек», — деп жазды 2 маусым күні Волански Instagram-дағы парақшасында.
Комментарии