Испания құрамасының және «Реалдың» бұрынғы бапкері Хулен Допетеги «Севильяға» жетекшілік етуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы атақты испаниялық тілші Гильем Балаге хабарлады.

Допетегиге екі ағылшын клубынан ұсыныс түскен, алайда 52 жастағы маман «Севильяны» таңдаған.

Еске салайық, испаниялық маман аса сәтсіз нәтижесінен кейін «Реал Мадрид» командасындағы қызметінен қуылған болатын. Мадридтік команданы баптамас бұрын ол Испания құрамасының тізгінін мәжбүрлі түрде босатты.